01
Сервис туралы
Қай қалаларда тапсырыс жеткізуге болады?
Қазақстанда жұмыс істеуге болатын қаланы «Қалалар» бөлімінен таңдаңыз.
Нені жеткізу керек?
Мейрамханалардан тағам және дүкендерден өнім тапсырыстарын.
Кестені өзім таңдай аламын ба?
Иә. Қолжетімді уақыт пен ауданды Яндекс Про қолданбасынан таңдайсыз.
02
Талаптар
Курьерлерге қандай талаптар қойылады?
Курьер 18 жастан асқан және смартфоны бар болуы керек.
Тіркелу қалай өтеді?
Анкетада телефон мен жасыңызды көрсетіп, қала мен көлікті таңдайсыз. Содан кейін кеңсе мекенжайы мен өзгертуге болатын келу уақыты көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
Анкета ішінде көрсетілген өзекті талаптарды орындаңыз және деректерді тек ресми арна арқылы жіберіңіз.
03
Табыс
Төлемдер қаншалықты жиі түседі?
Төлемдер апта сайын түседі.
Табыс неге байланысты?
Тапсырыстар санына, сұранысқа, қашықтыққа, көлік түріне, коэффициенттер мен шайпұлға.
Төлем қайда түседі?
Тіркелу кезінде көрсетілген банк картасына.
04
Яндекс Про
Яндекс Проны қашан жүктеп алу керек?
Анкета соңында қолданбаны жүктеп алу ұсынысы бірден көрсетіледі.
Яндекс Про не үшін қажет?
Қолданбада тапсырыстар, жеткізу уақыты және есептелген табыс көрсетіледі.
05
Көлік
Қандай көлікпен тапсырыс жеткізуге болады?
Жаяу, велосипедпен, самокатпен, Яндекс Байкпен, мотоциклмен немесе автокөлікпен.
Яндекс Байкты қалай жалға алуға болады?
Жалға алу мүмкіндігі мен шарттары Яндекс Про қолданбасында көрсетіледі.

